Бүгін Омбы қаласында «Сибирь зажигает звезды» атты Халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға әрбір елден мың жарымға жуық өнерлі талапкер қатысты. Соның ішінде лауреат атанған жерлесіміз Ержан Аленовтен сұхбат алудың сәті түсті.
Сәлеметсіз бе Ержан! Бүгінгі жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізден шағын сұхбат алуға қарсы емессіз бе?
Сәлеметсіз бе! Үлкен рахмет! Әрине, кез келген сауалыңызға қуана жауап беремін.
Бұл Сіздің алғашқы жеңісіңіз бе?
Мен жетінші сыныптан бастап ән айтып келемін. Осыдан алты жыл бұрын халықаралық конкурстың лауреаты атандым. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға жиі қатысамын. Әрине, оның біразының лауреаты болдым. Екі жыл бұрын «Надежда Казахстана» атты кітапқа енген болатынмын.
Қазыр қай жерде білім алып жатырсыз?
Өзім тұрып жатырған Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжде «Хорда дирижерлік ету» бөлімінде кәсіби білім жатырмын.
Арнайы вокалдан дәрістер аласыз ба?
Жоқ. Ән айту жағынан өзім - өзіме мұғаліммін, кеңесшімін.
Дауысыңыздан айырылыпқаламын деп қорықпайсыз ба?
Әрине қорқамын. Себебі дауыс ең нәзік музыкалық аспап. Ол барлық адамда бар. Бірақ әр адамда әр түрлі. Сондықтан барынша күтемін. Конкурстың алдында міндетті түрлі жаттығу жасаймын.Онсыз дауыс шықпайды ғой.
Естуімізше, Сіз жалғыз өзіңіз осы байқауға қатыстыңыз. Бұл рас па?
Ия.(күлді) Сонау Қызылордадан Омбыға дейін төрт күн жүріп келдім. Осы байқауға шақыртуды алған соң бас тарта алмадым. Мені жылы қарсы алды.
Байқаудың алғашқы күні Сіз ең бірінші шыққан болатынсыз. Сонда микрафон дұрыс жұмыс істемей қалған болатын. Сол кезде қорқыныш немес уайым болды ма?
Әрине. Онсыз болмайды ғой. Мен ол үшін емес, Ресей көрермендері мені қалай қабылдайды екен деп толқыған болатынмын. Ал, техникалық ақаулар кез – келген сәтте болуы мүмкін. Мен егер де сол жерде әнімді жалғастыра берсем үлкен қате болар еді. Сондықтан дереу қайта бастадым.
Сіз орындаған «Қазақ елі» әнін көрермендер әнұран деп ойлап орындарынан тұрған болатын. Сіз осы кезде қорыққан жоқсыз ба?
Бұл ән шынында да рухы биік ән. Әрине, оны Роза Рымбаева апамыздан артық ешкім орындай алмайды. Мен сол әнді өз нақышында жеткізе білгеніме қуаныштымын. Ал залдағы көрермендердің орындарынан тұрып, қол соққанына мен қатты қуандым. Әнді орындап болып, көрермендер залына отыра бергенімде, «Сіз жаңа Қазақстанның әнұранын орындадыңыз ба? Сондай тамаша ән» деп жатты.
Демеушіңіз бар ма?
Осы байқауға қатысуыма үлкен көмек берген – АО «БТА» Банк директоры Жұмахметов Әділ мырзаға және «Игілік» қорына алғысым шексіз.
Алда қандай жоспарларыңыз, армандарыңыз бар?
Алла қаласа, жазда Мәскеуге, Санкт – Петербургке баруды жоспарлап отырмын. Әрине, байқауларға. Сонымен қатар, жаңа әндер жаздырып, өзімнің альбомымды ғаламторға шығарсам деймін. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді, келешекте Қазақстанның, Ресейдің халық әртісі болуды армандаймын.
Ержан мырза, сұхбат бергеніңізге үлкен рахмет! Сізге шығармашылық табыстар,жеңістер тілейміз!
Оқасы жоқ!